СҚО-да Сергеев су қоймасы 1,5 жыл бойы тасып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы бір жарым жылдан бері тасып жатыр.
Мұндай құбылыс тарихта болмаған. Ернеуінен асқан судың биіктігі 2 сантиметр. Мамандардың айтуынша, алаңдауға негіз жоқ. Әдетте наурыз-сәуір айларында көтерілген су жаздың басында арнасына қайтадан түсетін. Ал былтыр көктемгі тасқын кезінде гидронысандағы судың деңгейі 4 метр 25 сантиметрге жетіп, антирекорд тіркелген еді.
Наталия Левина, «Қазгидромет» АҚ СҚО филиалы директорының орынбасары:
Судың тасуына көптеген фактор әсер етеді. Биыл болған тасқын, жерасты суы, жауын-шашын. Бәрін кешенді түрде қарастыру керек. Биыл жазда жаңбыр көлемі әдеттегі мөлшерден 1,5 есе көп болды.
Қазір Қызылжар ауданындағы Бескөл, Прибрежное және Тепличное ауылдарында былтыр басталған бөгет құрылысы жалғасып жатыр. Аталған елді мекендер тасқын қаупі жоғары аймақта орналасқан.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16