Талдықорғанда 8 ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарады
Талдықорғанда соңғы үш күнде жалпы саны 8 ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарады. Кеше кешке белгісіз біреулер қаладағы сауда орталығына хабарласып, елді дүрліктірген. Ал бүгін дәл осындай жалған қоңырау тағы 4 мектепке келіп түсті. Жарылғыш зат туралы хабар түсе салысымен барлығы 3 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге шығарылған. Саперлер мен кинологтардан құралған арнайы орган қызметкерлері ғимараттарды толық тексеріп, жарылғыш заттың жоқ екенін анықтады. Қазіргі уақытта мамандар фейк хабарлама берген адамдарды іздестіруде.
Жанар Халықова, Жетісу облысы ПД ресми өкілі:
Барлық мекемелер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта әдейі жалған хабарлама берген адамдарды анықтап, ұстау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Жетісу облысының полиция департаменті ескертеді: әдейі жалған хабар бергені үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03