Басты Жаңалықтар «Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды

«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды

 «Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды. Талдықорған төрінде ауқымды шараның ашылу салтанаты өтті. Фестиваль - қара шаңырақ Бикен Римованың 50 жылдық мерей тойы аясында үшінші мәрте ұйымдастырылды. Оған Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген шығармашылық ұжымдар да қатысып жатыр. Ұлы өнердің өкілдері алдағы 4 күн бойы таңдамалы туындыларын көпшілік назарына ұсынады.

Театр адам мен адамды жақындастыратын, ұлт пен ұлтты туыс қылатын айрықша мекен. Бұл сөзге осы халықаралық фестивалі дәлел. Мәдени шараға Грузияның Сухуми жастар театры, Әзірбайжанның Мәмбетов атындағы мемлекеттік театры келді. Алатаудың ар жағындағы айыр қалпақты ағайындар да ауқымды шарадан тыс қалмады. Олар алдағы 4 күн бойы тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін шыңдамақ

 

Аскат Сулайманов, Қырғыз республикасының әртісі:

Мен қазір бірінші рет көріп отырмын. Театр жаңа салынған екен. Құттықтаймын жақсы театр екен. Бикен Римова тек Қазақстанның емес, Қырғызстанның да еңбек сіңірген әртісі ғой.

 

Жарты ғасырлық тарихы бар театр актерлері бүгінге дейін сахнада 216-дан астам қойылым қойған. Репертуарында 30-ға жуық спектакль бар. Көрермен саны да 100 мыңға жуықтаған. Осындай ірі рухани шаралардың арқасында жас режиссерлер мен актерлердің шығармашылығы шыңдалады. Тасада қалған таланттар анықталады дейді,- ұйымдастырушылар

 

Ерлік Жуасбек, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры:

Бұл халықтың арасындағы өнер адамдарының өзара тәжрибе алмасуы деп білеміз. Көрменді санқырлы өнер күтеді. Биылғы фестивальде шетел мен Қазақстанның өнер бәйгесіне куә болады.

 

Фестивальдің алғашқы күнін Б. Римова театрының әртістері Ғ.Мүсіреповтың «Қозы-Көрпеш Баян-сұлу» қойылымымен ашты. Келген меймандарға осы шығарманың жаңа форматтағы спектаклі жол тартып, тұсауы кесілді. Жалпы 17 қыркүйекке дейін көршілес мемлекеттерден бөлек, отандық 4 театр ұжымы өнер көрсетеді. Олар үздік қойылымдарымен көрерменді тәнті етпек.

 

Бөлісу