Жүргізуші куәлігі мен техпаспорттың жаңа үлгісі енгізілмек
Елімізде жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатының жаңа үлгісі енгізілмек. Енді бұл құжаттар электронды чипсіз шығарылады. Ережеге түзетулер енгізіліп, талқылауға шығарылды. Мамандардың айтуынша, барлық мәлімет онсыз да мемлекеттік базада бар. Сондықтан қосымша чиптің қажеті жоқ. Оның үстіне бұл микросхема құжаттың бағасын қымбаттатады. Айта кетейік, қолданыстағы куәлік пен техпаспорт мерзімі аяқталғанға дейін жарамды. Оларды арнайы ауыстырудың қажеті жоқ. Бұл өзгеріс бюджет қаржысын үнемдеуге әрі құжат дайындау ісін жеңілдетуге бағытталған. Жоба қазір «Ашық» порталында талқыланып жатыр.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11