Басты Жаңалықтар Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған

Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған

Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.

Құжатта мақсатқа сай келмейтін салық жеңілдіктері алынып, кейбір санаттар үшін салық жеңілдіктері қайта көбейтілді. Бұл туралы құзырлы министрліктен Ақтауға арнайы келген өкілдер мәлімдеді. Мамандар жергілікті кәсіпкерлерге басты әрі маңызды өзгерістерді таныстырды. Мәселен жаңа жылдан бастап өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар кәсіптерін тіркемей-ақ, жеке тұлға ретінде кәсібін жалғастыра алады. Олар тек әлеуметтік төлемдер бойынша 4 пайыз мөлшерінде зейнетақыға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлемдер аударып отырады. Бұл такси жүргізушілеріне, шаштараздар мен пәтерін жалға беретіндер үшін қолайлы болмақ.

Оғылша Кенжеқараева, жеке кәсіпкер:

Бізде бұрында упрощенный режимімізді мүмкіндік беріп жатыр қазіргі жаңа кодекс бойынша, 30 процент азайтыпты жұмысымызды. Сол үлкен мүмкіндік бізге жақсы. Қандай да бір отчетты тапсырмаған болсақ или қандайда бір налог төленбеген болса, бізге камералкі келетін еді. Қазір соны предупредительный ескерту есебінде жібереді екен.

Аягөз Оралбайқызы


Бөлісу