Президент бір палаталы Парламент құруды ұсынды
Сенат өзінің тарихи миссиясын абыроймен, тиімді атқарып шықты. Осылай деген Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында елімізде бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтерді. Яғни, Сенат қысқарып, Мәжіліс қана қалады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл мәселені асығыс жүзеге асыруға болмайды. Реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында және қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын. Содан кейін, яғни 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз. Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын. Бұл – әлемде кеңінен тараған парламенттік рәсім.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19
Елімізде Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:18
Астанада «Əділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады
14.06.2026, 12:17
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05