Қазақ мәдениеті Берлинде таныстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ мәдениеті Берлинде таныстырылады

14.11.2018

Берлиндегі неміс ұлттық кітапханасында «Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің» орталығы ашылады. Оған Елбасының азаттықтың елең-алаңынан бастап, қазірге дейін жазған шығармалары, сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі қазақстандық авторлардың 200-ден астам кітабы тапсырылады. Салтанатты ашылу рәсімі Германия астанасында өтетін «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті» атты халықаралық форум аясында болмақ. Сондай-ақ, форумға қатысушы ел зиялылары қазақтың бай тарихы жайлы баяндап, әлем таныған рухани һәм мәдени жауһарларымыз жайлы әңгімелейді. Бұған дейін Сеул мен Лондонда өткен игі шара Берлиннен кейін Нью-Йоркта жалғасады.

Баянғали Әлімжанов, ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қазақ мәдениетін, қазақ руханиятын дүниежүзіне таныту, сондай-ақ, бүкіл әлемдегі рухани қозғалыстың ішінде қазақтың да рухани әлемі бар екенін білдіру, құндылықтармызды көрсете білу қажет. Осы бағытта Мәдениет министрлігінің ұйытқы болуымен осындай үлкен шаралар жер-жерде жүріп жатыр.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу