Басты Жаңалықтар Астана үстел теннисінен әлем чемпионатына дайын

Астана үстел теннисінен әлем чемпионатына дайын

Келер жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. Отандық делегация Лондонда ұйымдастырылған Халықаралық үстел теннисі федерациясының жиынына қатысып, шараның тұжырымдамасын таныстырды.

Біздің тарап 220-дан астам федерация алдында турнирді өткізуге толық дайын екенін мәлімдеді. Яғни спорттық инфрақұрылымдардың әзірлігінен бастап, ұйымдастыру жұмыстарына дейінгі жоспарды жария етті. Жиынға халықаралық федерация басшылығы және әлемдік үстел теннисінің өкілдері қатысты.
Ерлан Каналимов, «Астана – 2027 үстел теннисінен әлем чемпионаты» туринирінің операциялық директоры:
Әрине өзіміздің алдымызда үлкен мақсаттар тұр. Құр Астана ғана емес, біз бұл әлемдік чемпионатқа, додаға жалпы ел болып дайындалатын боламыз. 
Сондай-ақ бұл күндері Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары топтық кезеңнен сәтті өтті. Екі команда да әлемнің ең мықты 32 құрамасының қатарына енді. Ерлер өз тобында бірінші орын алды. Олар Мысыр, Таиланд және Түркия командаларын жеңіп, үздік ойын үлгісін көрсетті. Ал әйелдер құрамасы топтық кезеңде екінші орын алды. Қазақстандық спортшылар Чехия мен Моңғолия құрамаларын ұтып, турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін күресті жалғастырды. Өтпелі кездесуде әйелдер құрамасы Бельгияны 3:0 есебімен айқын жеңді.


Бөлісу