Сарапшылар әскери-патриоттық тәрбиені талқылады
«Әскери-патриоттық тәрбиенің тарихи негіздері». Осындай атаумен елордада тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесіне арналған республикалық дөңгелек үстел өтті. Сарапшылар еліміздегі әскери-патриоттық тәрбиенің қазіргі жай-күйіне тоқталып, жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді көтерді.Іс-шараның мақсаты - Конституция қағидаттарын кеңінен насихаттау арқылы жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға құрмет пен ел тағдырына жауапкершілік сезімін арттыру. Дөңгелек үстелде әскери дәстүр мен халқымыздың ерлік жолы, тәуелсіз Қазақстан Қарулы күштерінің қалыптасу тарихы, қазақстандық бітімгерлердің БҰҰ аясындағы миссиялары және ардагерлер ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстары сөз болды.
Еліміздегі тәуелсіздік дегеніміз не, Отанымыздың болашағы қандай болып, біздің алға қойған мақсатымыз жастарға егемендікті, тәуелсіздікті, конституциямыздың маңызын, жастардың алдында тұрған үлкен істерге бастама болып, соны ұғындыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы