Ақтөбе облысында шегіртке улау басталады
Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы улау жұмыстары басталады. Биыл алғаш рет оған агродрондар қолданылады.
Сала мамандары дайындығын пысықтап, жаңа құрал-жабдықтарын таныстырды. Қазір 84
техника, 10 ұшақ сақадай сай тұр. Улау жұмыстары облыстағы барлық ауданда
жүреді. Үйірлі шегірткеге қарсы 424 мың, ал саяқ шегірткеге қарсы 160 мың
гектар аумақты қамту көзделген. Қажетті препараттар дайын. Бірер күннен соң
Шалқар, Ырғыз, Ойыл және Байғанин аудандарындағы алқаптарға химиялық өңдеу
жүргізу жоспарланып отыр. Егер шаруа қожалықтарының аумағынан зиянкестер
анықталса, улау жұмыстары жоспардан тыс жүргізіледі.
Дастан Сағыров, Агроөнеркәсіп
кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының басшысы:
Меншік иесі дер кезінде өздеріне тиесілі жерлерде дернәсілдер анықталған жағдайда біздерді хабардар етуі керек. Яғни, болжам орталығы бар әр ауданда орналасқан және инспекция мамандары бар, соларға дер кезінде хабарлау керек. Тиісінше біз дер кезінде техникамен химиялық өңдеу жүргізетін боламыз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16