Басты Жаңалықтар Елбасы мен елорда жайында публицистикалық драма көпшілік назарына ұсынылды

Елбасы мен елорда жайында публицистикалық драма көпшілік назарына ұсынылды

«Астана» қойылымы ұйғыр музыкалық комедия театрының бас қаланың 20 жылдығына тартуы. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабының желісімен жазылған. Онда жаңа қала тұрғызу идеясының пісіп-жетілгендігі және шындыққа қалай айналғандығы турасында баяндалады.

Елбасының астананы көшіру туралы тарихи шешімі ұрпаққа тағылым болуы тиіс. Себебі, Президенттің болашақты болжап, мақсат-мұраты жолында табандылық танытқаны көпке үлгі. Міне, осы шешім оқиға желісінің негізі. Қойылымда 1994 жылдың 6 маусымы мен 6 шілде аралығы қамтылған. Бұл аралықта жаңадан қала салып, оны тәуелсіз елдің астанасы ету идеясы айтылды. Алайда, қиын-қыстау уақытта көш басын Алатаудан Арқаға бұру ұсынысына қарсылық танытқандар аз болмады.

Мурат Ахмадиев, Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі:

- Депутаттар қарсы шыққан. Сол қарсылықтардың бәрін көрсетеміз. Басты рөлде бір адам. Президенттің рөлін Ескендиров Азиз деген актер ойнайды. Қалғандарының тегі жоқ, солай жасадық.

«Бұл спектакль Елбасына қазақстандық ұйғыр өнерпаздарының риза көңілінің, ізет-құрметінің, сүйіспеншілігінің дәлелі», - дейді. 

Қойылымның ұзақтығы 1 сағат 10 минут. Драма ұйғыр тілінде жазылған. Бірақ, көрермендерге қазақ, орыс және ағылшын тілінде қарауға мүмкіндік жасалды.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу