Елордада «Жас шекарашы» әскери-патриоттық сыныбы ашылды
- Елордадағы мектептердің бірінде «Жас шекарашы» әскери-патриоттық сыныбы ашылды. Жоба жас ұрпақты Отан алдындағы адалдыққа, әскери қызметті құрметтеуге және ел мүддесін қорғауға тәрбиелеуге бағытталған. Салтанатты шарада 16 оқушы ант қабылдап, арнайы сыныпқа қабылданды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама дәстүрге айналып, жыл сайын жаңа оқушыларды қабылдау жалғаса бермек. Іс-шараға Шекара қызметінің өкілдері, «Застава тарландары» ардагерлер бірлестігі қатысты.
- Жеңіс Әбенов, «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бойынша филиалының секретарі:
- Біз 12 ер бала мен 4 қыз баланы қабылдадық. Балалар өз ынтасымен, ата-аналарымен келісіп келді. Алдағы уақытта да осылай жалғастыруға ниет білдіргендер болса, қабылдауға дайынбыз. Қазір 30 балаға арналған сынып бар. Бұдан бөлек, басқа мектепте ашылса, қолдау көрсетуге әзірміз.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08