Оралда ойын алаңдары жаңартыла бастады
Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «50 жаңа аула» іс-шарасы жалғасып жатыр. Акция барысында жастар тұрғын үй ауласындағы ойын, спорт алаңы жабдықтарын сырлап, айналаны тазалап, жинады. Игі бастамаға жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетті. Жауаптылар жаз бойы шаһардағы балалар алаңқайларына мониторинг жүргізді. Содан соң тозығы жеткен 50 аула таңдалды. Ойын алаңдары белсенді жастардың және экологияға бей-жай қарамайтын тұрғындардың көмегімен жаңартылып жатыр.
Мансұр Өтеғалиев, ерікті студент:
Балалардың ойнайтын ойын-сауық алаңдарын тазартып, қауіпсіз, қолайлы болуын көздейміз. Бұл шараның ерекшелігі – 50 таза аула шарасы. Жасөспірімдерге табиғатты ластамауға, жауапкершілігін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттаймыз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08