Биыл жалпы сомасы 1,5 трлн болатын 190 жобаны іске қосу жоспарланған
Қазақстанда жыл басынан бері өндіріс индексі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,9%-ға асып түскен. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет мүшелерінің қатысуымен AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында айтты. Жиын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы қарсаңында ұйымдастырылған. Премьер-Министр Үкіметтің Президенттің стратегиялық бастамаларын орындау мақсатында дәйекті жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Биыл өңдеу өнеркәсібінде жалпы сомасы 1,5 трлн теңге болатын 190 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, өндіріс көлемі 2,2 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде.
Сондай-ақ Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдап, Парламентке енгізді. Базалық сценарий бойынша үш жыл ішінде экономиканың нақты орташа жылдық өсімі 5,3%-ды құрамақ.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08