Жетісуда 4 пилоттық жоба жүзеге асады
Жетісу облысында су мен кәріз жүйесі 54%-ға, ал жылу жүйесі 49%-ға ескірген. Тозығы жеткен желілерді жөндеу үшін алдағы уақытта 21 млрд теңгеден аса инвестиция құю қарастырылған. Қаржыға 384 шақырым құбыр және электр сымдарын ауыстыру жоспарда бар. Жоба «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» негізінде жүзеге асады. Бүгін Талдықорғанда ұлттық жобаның жай-жапсары түсіндірілген көшпелі семинар өтті. Оған Ұлттық экономика министрлігі өкілдері, аймақтағы коммуналдық құрылыс және жобалау компаниялары, отандық өндірушілер мен салалық қауымдастықтар қатысты. Жиында облыста алдағы 5 жылда іске асатын пилоттық жобалар таныстырылды.
Әлия Мырзағалиева, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарушы директоры:
5 жылдың ішінде ТАТЭК-пен 22 млрд теңгелік жоспарды бірге орындаймыз деп ойлаймын. Институт ретінде қаржыландырамыз. Бізде Жетісу облысынан кәріз жүйесі бойынша, сумен жабдықтау бойынша, жылумен жабдықтау бойынша субьектілер өздері келіп жобаларын көрсетеді деп ойлаймын. Біз қаржыландыру тетігін, техникалық экспертиза өту тетіктерін түсіндіру үшін келгенбіз.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды
21.01.2026, 21:56
Жастар құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдап отыр
21.01.2026, 21:11
«Оң өзгерістер болашағымызға зор ықпалын тигізеді»
21.01.2026, 20:29
«Ұлттық цифрлық мұра» қоры әзірленбек
21.01.2026, 20:26
Ақтөбеде шаруалар малдың санына емес, сапасына көңіл бөле бастады
21.01.2026, 20:22
Әлемнің өзекті және қызықты жаңалықтарына қысқаша шолу
21.01.2026, 20:20
Бір палаталы Парламентке көшу - әлемдік тәжірибедегі тиімді модель
21.01.2026, 20:17
Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар
21.01.2026, 20:12