Шымкентте тазалық мәдениеті қалыптасып келеді
Шымкент қаласында кезекті рет өткізілген «Таза бейсенбі» акциясы барысында шаһар аумағынан 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сондай-ақ каналдардың арнасы тазартылып, көше бойларындағы ағаштар бұталды. Қураған шөп-шалаңдар жиналды. Көшенің жиектері мен аяқжолдар сыпырылды. «Аmanat» партиясы ұйымдастырған экологиялық шараға жастар, коммуналдық сала жұмысшылары қатысты. Елімізде «Таза бейсенбі» акциясы басталғалы Шымкентте 33 рет тазалық шарасы өткізілген. Оған қатысқан азаматтардың көмегімен 32 тоннадан астам қоқыс жиналған.
Ербол Байқонысов, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Рухани тазаруымыз қажет. Сондықтан әркім өзінен бастауы тиіс. Басталған кездегіден қазіргі жағдайды салыстырсақ, қала тазарып жатыр. Тұрғындардың тазалыққа деген құштарлығы артып, тазалыққа белсенді атсалысып жатыр.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16