Талдықорғандағы жоғары оқу орнының студенттері жасанды интеллектіні игеруде. Әлемдік технологияның жаңа бағыты Ғылым және жоғары білім министрлігінің «AI Sana» бағдарламасы аясында үйретілуде.
Білімгерлер Қытай компаниясы ұсынған үш кезеңдік курстан өтеді. Сонымен қатар оқу жоспарына ақылды жүйе, нейронды желі сынды пәндер енгізілген. Осы негізде жастар түрлі жобаларды қолға алды. Қазір жасанды интеллект арқылы мультфильм түсіру, ойын құрастыру, дыбыстық көмекші қосымша мен студенттерге ақпарат беретін чат-бот әзірленіп жатыр.
Әділет Мейрамбек, оқытушы-дәріскер:
«Биылдан бастап бізде “Жасанды интеллект негіздері” пәні енгізілді. Бұған дейін де бағдарламалау бойынша әртүрлі пәндер жүргізілетін. Бұл студенттердің заман талабына сай болуына, өз жобаларында жасанды интеллектіні қолдануына септігін тигізеді».
Дамир Нұрмұхамет
