Шымкентте қоқыс полигонының орнына эко саябақ салынуда
Бүгін Шымкент қаласы қоғамдық кеңес мүшелері 45 гектар аумаққа салынып жатқан экологиялық саябақта атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеді. Ұзақ жыл шаһардың қоқыс полигоны болған аумақ бүгінде тегістеліп, бетіне 2 метр қалыңдықта 1 миллион текше метрден аса таза топырақ жайылған. Демалыс аймағына 1 миллионнан аса ағаш көшеті мен түрлі бұталар егіліп, жасанды көлшік жасалады. Бұл жұмыстардың барлығы демеушілер қаржысына істелінуде. Ескі қоқыс полигонына байланысты туындаған экологиялық мәселелерді жергілікті биліктің назарына салып, осы іске ұйытқы болған қоғамдық кеңес мүшелері болатын. Сондықтан олар әрі қарай да бұл бастаманың жүзеге асуын ұдайы бақылауда ұстамақ.
Бұхарбай Парманов, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы:
Демеушілер қаражатына жүзеге асқанымен, бақылау міндетті түрде жүргізілуде. Себебі астында қоқыс болғандықтан, көмірқышқыл газы көшеттерді қуратып жіберуі мүмкін. Мұның бәрі ескеріліп, экологтардың ғылыми зерттеуімен ағаштардың өсуі мен төселетін топырақ қалыңдығы қадағаланып отыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16