Жастарға арналған қолжетімді бағдарлама
Солтүстік Қазақстан облысында «Қызылжар жастары» ипотекалық бағдарламасы арқылы 6 пайыздық үстеме ақымен баспана алуға болады.
Биыл іске қосылған өңірлік жоба бойынша үй алуға ниетті 130-дан астам адам өтініш білдірген. Оған жасы 35-ке толмаған, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, қорғаныс, ветеринария сынды тағы басқа салаларда жұмыс істейтін жастар қатыса алады. Іріктеу кезеңінде үміткерлердің тәжірибесі, отбасылық жағдайы, әлеуметтік статусы, балаларының саны есепке алынады. Алғашқы жарна 10, ал банктің үстеме ақысы 6 пайыз. Шарт бойынша баспананың бағасы 15 млн теңгеден аспауы тиіс. Бағдарлама 2029 жылға дейін жалғаспақ.
Ернар Мырзахан, СҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары:
Жобаға 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның жартысы облыс бюджеті, қалғаны «Отбасы банк» есебінен қаржыландырылды. Жалпы 134 адам өтінім берсе, соның 115-і Петропавл қаласынан, 19-ы аудан тұрғындары.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16