Жетісулық ғалымдар «Speed Breeding» технологиясын іске асырды
Жетісулық ғалымдар Орталық Азия елдері арасында бірінші болып Speed Breeding технологиясын іске асырды. Жаңа әдіс арқылы мамандар құрғақшылыққа төзімді әрі өнімді жаңа бидай мен арпа сұрыптарын жылыжайда өсіріп шығарды. Бұл технология дәстүрлі селекцияға қарағанда бірнеше есе жылдам өнім береді. Яғни 120 күнде пісіп жетілетін бидайды небәрі 2 айда өсіруге болады, - дейді мамандар. Тың жоба отандық дақылдардың өнімділігін арттырып қана қоймай, селекциялық процестерді жылдамдату арқылы төзімділігі жоғары арпа-бидай тұқымын өсіруге септігін тигізеді деп күтілуде. Жобаны жүзеге асыруға мемлекеттен 250 млн теңге грант бөлінген.
Қанат Ермекбаев, зертхана меңгерушісі:
Мысалы бидайдың бір сортын шығару үшін 14-15 жыл уақыт кететін болса, біз оны екі есе, үш есе жылдамдатамыз. Қазіргі өзіміз тұрған Speed Breeding дейді, яғни жылдамдатылған селекцияның платформасы. Мысалы, бір жылда далалық деңгейде сіз бір-ақ рет өнім алатын болсаңыз, осы техникалық әлеуетті қолдану арқылы біз бір бидайды алты рет өсіріп аламыз.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06