Алматыдағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының құрылғанына биыл 55 жыл толды. Жарты ғасырдан аса тарихы бар оқу орнында бүгінге дейін 22 мыңнан аса кәсіби маман білім алған.
Мерейтойлық шара алдында Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден білім ордасын бітірген қонақтар қатысты. Олардың көпшілігі жоғары әскери шендерге қол жеткізіп, қорғаныс саласында, мемлекеттік билік құрылымдарында және халықаралық ұйымдарда жауапты қызметтер атқарып жүр. Түлектердің арасында үш қорғаныс министрі, белгілі әскери қолбасшылар, әскери бөлімдер мен құрамаларын басқарған командирлер бар. Барлығы Қазақстан армиясының дамуына зор үлес қосты, - дейді сала мамандары. Шара аясында құрлық әскерлерінің әлеуеті көрсетіліп, оқу-жаттығу жиыны өтті. Жиналғандар курсанттардың әскери дайындығына қанығып, ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы тәсілдерді де тамашалады.
Жәнібек Сұлтанұлы, Құрлық әскерлерінің әскери институты басшысының орынбасары:
Сол бағыт бойынша 1 кредит сағат бөлінді. 16 мамандық барлығы сабақ оқиды. Сабақ барысында ұшқышсыз ұшу аппаратының құрылысы, жинау, пайдалану білімдерін береміз.
Қуан Нұрақын
