Астанада «Қасиетті қазақ елі» атты өнер фестивалі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қасиетті қазақ елі» атты өнер фестивалі ашылды

07.11.2018

Қазақтың төл өнері ұмытылмайды. Жырақтағы қандастардың ортақ ойы осындай. Тағдыр тәлкегімен тарыдай шашылған ағайындар атадан мұраға қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл мен дінді жалғастырып келеді. Жат жердегі ағайындар мұны бүгін сөзбен емес, істерімен дәлелдеді. Астанада өтіп жатқан «Қасиетті қазақ елі» атты халықаралық өнер фестивалінде ұлттық өнерімізді ұлықтап, тыңдармандарын термемен тербетті, түрлі қолөнер туындыларын ұсынып, жырдан шашу шашты. Жалпы, мәдени шараға әлемнің 10 елінен 50-ге жуық өнерпаз қатысуда. Дәстүрлі дода қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққандар марапатталып, қомақты сыйақыға ие болды.      

Ділнұр Самалбек, фестивальге қатысушы:

- Осы өнерді жалғастырып келе жатырмыз. Бұдан кейінгі ұрпақтарымыз ұмытып қалмасын деп, әжелеріміз бізге үйреткен, біз енді балаларымызға үйретеміз.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу