Конституция күніне орай Елордада кітапхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституция күніне орай Елордада кітапхана ашылды

30.08.2025

Шараға мемлекеттік органдар мен мәдениет саласының өкілдері қатысты. № 12 көпшілік кітапханасында абонементтік, мультимедиялық және оқу залдары бар. Ал кітап қоры 3 мыңнан асады. Ашылу барысында қонақтар жаңа мекеменің залдарына экскурсия жасап, кітап қорымен танысты. Сондай-ақ, шара барысында «Айбары асқақ Ата Заң» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Гүлбадан Мәдибаева, Астана қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы:

Біз жыл сайын 2-3 мың оқырман қабылдаймыз деген жоспарымыз бар. Бір мезетте бұл кітапхананың ішіне 20-30 адам келіп, қызмет алуға болады. Бұл жерде көрсететін қызметтің бәрі тегін. Сондықтан жастарға өзінің дамуына, өсуіне, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға жалпы қала тұрғындарына өте үлкен мүмкіндік.

Темірлан Нұрсолтан 

Хабарламаларға жазылу