«Реал Мадрид» Алматыға қанша сағатта ұшып келеді?
Қазақстанның «Қайрат» клубы UEFA Чемпиондар Лигасының негізгі топтық кезеңінде атағы жер жарып тұрған бірқатар командаға қарсы ойнайды. Бас-аяғы 8 матч өткізеді. Оның төртеуін үйде, яғни «Қайрат» өз алаңында қабылдаса, қалғаны түзде: сырт алаңда болады. Алматы – биылғы маусымда Чемпиондар лигасының ойындары өтетін ең шығыс шаһар. Сондықтан шетелдік клубтар елге келу үшін кемі 7 сағат жұмсайды. Мәселен, испаниялық «Реал Мадрид» футбол командасы шамамен 10 сағат 50 минутта ұшып келсе, бельгиялық «Клаб Брюгге» 9 сағатта жетеді. Ал Грекия астанасы атынан шығатын афиналық «Олимпиакос» бұл сапарға 8 сағатын жұмсайды. «Пафос» командасы Кипр астанасы Никосиядан ұшса, Алматыға жобалап 8 сағатта жетеді.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53