Басты Жаңалықтар Атырауда жастар арасында халықаралық деңгейдегі заманауи би фестивалі өтті

Атырауда жастар арасында халықаралық деңгейдегі заманауи би фестивалі өтті

Өнер додасына Астана, Алматы, Мәскеу, Дондағы Ростов, Қазан, Махачкала қалаларынан би ұжымдары келді. Шығармашылық тәжірибе алмасуға бағытталған шараға 14 пен 35 жас аралығындағы 300-ге жуық адам қатысты. Фестиваль командалар арасында би сайысы түрінде өтті. Сонымен қатар, қатысушылар жекелей сынға түсіп, өз мықтылықтарын ортаға салды. 

Дәулет Анарбеков, қатысушы:

- Ұйымдастырушылар өте көп жұмыс жасады. Шетелден бишілерді шақырған. Ол бишілер өз мемлекеттерінде өте атақты. Қазақстанның бишілері өте керемет жарыстарға шығады, өз Туымызды басқа мемлекеттерде желбіретеді.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу