Жаңаөзенде тұрғындар экологиялық акцияға қатысты
Жаңаөзенде 2 мыңға жуық тұрғын жалпықалалық экологиялық акцияға қатысты.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында 300 тоннадан астам қоқыс жиналды. Шараға алматылық эко-блогер Дулат Нәбиев қатысып, жаңаөзендіктерге қолдау көрсетті. Ол әлеуметтік желі арқылы жастарды экологиялық мәдениетке баулу мақсатында челлендж жариялаған. Бастама бірден көпшілік қолдауына ие болды. Сонымен қатар экоакцияға қаладағы өндірістік кәсіпорындар, мемлекеттік және коммуналдық мекемелердің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен еріктілер қатысты. Алдын ала белгіленген аумақтар қоқыстан тазартылып қана қоймай, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Армат Жүсіпқалиев, облыстық Экология департаментінің басшысы:
Жаңаөзен қаласында биыл ғарыштық бақылау арқылы 17 заңсыз қоқыс нүктесі анықталды. Қазіргі уақытта сол орындарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе алғаш рет туындап отырған жоқ, былтыр да осындай жағдайлар болған.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16