Қазақ мәдениеті Лондонда таныстырлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ мәдениеті Лондонда таныстырлады

06.11.2018

«Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстан мәдениеті». Ертең осындай атаумен Ұлыбританияның Лондон қаласында екі күндік форум басталады. 

Ел зиялылары қазақтың бай тарихы жайлы баяндап, әлем таныған рухани һәм мәдени жауһарларымыз жайлы әңгімелейтін болады. Алғашқы шара «Қазақстанның мәдениеті мен өнері» атты фотокөрме болмақ. Онда ағылшындар белгілі қылқалам шебері Руслан Ақанаевтың суреттерін тамашалай алады. Сондай-ақ, делегация құрамындағы ақын-жазушылардың 30-дан астам туындылары таныстырылады. Он шығарма ағылшын тіліне аударылған. Өткен апта Сеулден басталған форум Лондоннан соң Берлин және Нью-Йорк қаласында жалғасады. Игі шараға Мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болып отыр. 

Жанат Әскербекқызы, ақын, филология ғылымдарының докторы:

- Сапарымыздың мақсаты - қазақтың әдебиеті мен мәдениетін әлемге таныстыру. Сондай-ақ, сол салада еңбек етіп жатқан шығармашылық тұлғалардың еңбектерін, олардың мемлекеттің мәдениетін дамытудағы орнын таныту. Мәдени-әдеби байланыстар мақсатында араласу, танысып, білісу шаралары жүзеге асырылмақ.  

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу