Басты Жаңалықтар Шымкентте тұрғындардың жылуға қарызы 463 млн теңгеге жеткен

Шымкентте тұрғындардың жылуға қарызы 463 млн теңгеге жеткен

Шымкент тұрғындарының жылуға қарызы 463 миллион теңгеге жеткен. Қазір қалада жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Жылу жүйлерінің жартысынан астамының тозығы жеткен. Көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу жеткізетін құбырлардың жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асады. Жөндеу жұмыстарына қазынадан 743 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыға бүгінде 27 қазандық пен 17 сорғы стансасы жөнделуде. Қала әкімдігінің мәліметінше, әзірге мегаполистегі көпқабатты үйлердің 69, әлеуметтік мекемелердің 97 пайызы қысқа әзір. Ал жылу орталықтарына берешек абоненттердің қарызын энергетикетер әлі толық өндіре алмай отыр. Сол себепті мекеме өкілдері сотқа жүгіунге мәжбүр.

Асқар Бөлешов, Қуат жылу орталығы басшысының міндетін атқарушы:

Бұл бағытта сот орындаушылармен жұмыс жүргізілуде. Тұтынушылар тарапынан да кепілдік хаттар жазылып жатыр. Мысалы, біреуі қарызын бөліп төлеймін десе, енді бірі жылу маусымы басталғанға дейін өтеймін деп міндеттеме алуда.

Биылғы қыста шаһар тұрғындары жылу үшін былтырғыдан 25 пайыз, яғни тұтынған 1 гигакалория үшін 1 мың 800 теңге артық төлейтін болады. Мамандар жылу бағасының көтерілуіне табиғи газдың қымбаттауы себеп деп отыр.

Абылайхан Кеңес, Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы:

Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес шекті баға өзгерді. Соған орай, 3-энергия орталығының жылу энергиясына тариф 1 тамыздан бастап 7 230 теңге болып бекітілді.

Ғани Қалмаханов

Бөлісу