Астанада бочча жарысының жүлдегерлері марапатталды
Астанада бочча халықаралық жарысының жеңімпаздары анықталды. Әлемнің 12 елінен келген 56 үздік параспортшы өзара бақ сынасты. Жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсіміне Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жекелей сында: екі алтын, екі күміс және бір қола медальмен жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді. Ал командалық сайыста Корея және Иран елінен келген параспортшылар бірінші және екінші орындарға табан тіреді.
Мәулен Әшімбаев, Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан Бочча федерациясының президенті:
Осы сайыста жеңіп шыққан, алға шыққан жеңімпаздарды және барлық жүлдегерлерді өзімнің атынан, Қазақстан Бочча Федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын. Құтты болсын! Біздің бочча құрамамыз үшін бұл халықаралық жарыс үлкен сын болды. Қазақстанның құрамасы барлық үмітті ақтады деп, ауыз толтырып айта аламыз.
Эдвиг Ламбрехтс, «Аstana 2025 world boccia challenger» жарысының делегаты:
Қазақстан дәл осындай жарысты алғаш рет ұйымдастырғанына қарамастан, бәрі жоғары деңгейде өтті. Бұл елдегі боччаның дамуына серпін береді. Себебі бұл қазір ең қарқынды дамып жатқан паралимпиадалық спорт түрі. Бірнеше жыл бұрын тек 60 федерация болса, қазір олардың саны 100-ге жуықтайды.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53