
Футболдан Қазақстан чемпионатында ойнап жүрген футболшылардың 60%-ы – Алматыдағы «Қайрат» академиясының түлектері. Қазір орталықта мыңнан аса тәрбиеленуші бар. Оларды 60-қа жуық кәсіби жаттықтырушы дайындайды. Академияның Алматыда үш филиалы жұмыс істейді. Ал Бесағаш ауылының маңынан салынған кешен ФИФА стандарттарына сай, дейді әйгілі қақпашы Құралбек Ордабаев. Аты аңызға айналған футболшы қазір «Қайрат» футбол командасында жұмыс істейді. Өзі де өткен ғасырдың 70-80 жылдары осы құрамада ойнаған.
76 жасқа келген спортшы 10 жыл бұрын ашылған академияның арқасында ел футболы алға жылжып, шетелден келетін легионерлер саны азайғанын айтады. Мемлекет басшысының сырттан келетін ойыншыларды бюджеттен қаржыландыруға тыйым салу туралы бастамасы – өте құптарлық іс. Сонда ғана Қазақстанның білімді, дені сау және намысты қолдан бермейтін Темірлан Анарбеков сияқты патриот спортшылар көп шығады, дейді қазақ футболының ардагері.
Құралбек Ордабаев, қазақ футболының ардагері:
Кеше 11 метрден үшеуін қайтарғаны, онан кейін тағы да екі допты жіберді ғой. Сол бағытпен құлады. Түбінде команданы өте жақсы алып шықты. Біздің Әліп Ресейдегі «Зенит» командасындағы ойыншы. Кешегі Дастан өте жақсы ойындар көрсетіп жатыр. Біздің «Қайрат» футбол клубы академиясының 60% түлектері бүгінгі Қазақстан чемпионатында ойнап жүр.
Қуан Нұрақын
