БҚО-да 15,7 млрд теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 15,7 млрд теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленді

26.08.2025

Елімізде жыл басынан бері азаматтарға 15,7 млрд теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленді. Мұндай мемлекеттік қолдау түрімен 209 мыңға жуық адам қамтылған. Олардың қатарында соғыс ардагерлері мен әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтар, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атанғандар, тыл еңбеккерлері, Чернобыльдағы апаттың салдарын жоюға қатысқандар, саяси репрессиялардың құрбандары, мүгедектігі бар адамдар немесе зейнеткерлер, тағы басқа да азаматтар бар. Егер тұрғын бірнеше санат бойынша жәрдемақы алуға құқылы болса, онда ол тек өз таңдауына сай бір бағыт бойынша көмек ала алады. Елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар да Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу