Алматыда бір аптада ЖРВИ ұқтырғандар 8,8%-ға көбейген
Өткен аптада Алматыда ЖРВИ-дің 18 мың 887 жағдайы тіркелді. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 8,8 пайызға көп. Алайда өткен жылмен салыстырғанда вирус жұқтыру деңгейі төмен.
Науқастардың басым бөлігі – балалар. Жалпы вирус жұқтырғандардың 63 пайызы 14 жасқа дейінгілер. Зертханалық мониторинг нәтижесіне сәйкес, қазіргі эпидемиологиялық кезеңде тұмау анықталған жоқ. Мамандар жеке гигиенаны сақтап, ауру белгілері байқалған жағдайда адамдар көп жиналатын орындарға бармауға кеңес береді. Сонымен қатар, Алматыда тұмаудың алдын алу үшін вакцинация басталды. Екпе ең алдымен қауіп тобындағы азаматтарға: жүкті әйелдерге, созылмалы ауруы бар адамдарға, 65 жастан асқандарға, медицина қызметкерлеріне және әлеуметтік мекемелерде тұратын азаматтарға салынады.
Гаухар Каткенова, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Жергілікті бюджет есебінен 250 мың доза грипке қарсы «Гриппол» деген Ресей Федерациясының өндірілген вакцинасы алынды. Ол осы қыркүйек айынан бастап екпе жүргізіледі, халықтың 10%-ын қамтиды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы