Түркістан облысында алюминий бұйымдарын өндіретін зауыт ашылды
Түркістан облысы Ордабасы ауданында алюминий бұйымдарын өндіретін зауыт ашылды. Кәсіпорын қытайлық инвесторлардың есебінен салынған. 8 гектар аумақты алып жатқан зауыттың өндірістік қуаттылығы – жылына 20 мың тонна. Барлық қажетті заманауи технологиямен жабдықталған. Алдағы уақытта 200 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның алғашқы кезеңіне 4,4 млрд теңге инвестиция құйылған. Мұнда өндірілген өнім экспортқа шығарылмақ. Өңір басшысы дәл осындай тағы бір кәсіпорынның құрылысы басталатынын айтты. Ал қытайлық мамандар жергілікті тұрғындарды арнайы оқытып, білікті кадр даярлауға әзір екенін жеткізді.
Сян Гуанжуй, Central Asia Aluminum серіктестігінің директоры:
Компаниямыздың сәтті ашылып, тұрақты дамуы облыс әкімдігінің және барлық мемлекеттік органдардың зор қолдауы мен қамқорлығының арқасы. Жоба құрылысы барысында жер бөлу, сумен, электрмен қамту, жол және инфрақұрылым салу сондай-ақ мемлекеттік қолдау мәселелерінде тиісті органдар жан-жақты көмек көрсетті. Осы қолдаудың арқасында біз қысқамерзім ішінде құрылысты аяқтап кәсіпорынды іске қоса алдық. Бұл сеніммен қолдау біз үшін үлкен жауапкершілік әрі алға басар қуат.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
24.04.2026, 15:28
Президент «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты
24.04.2026, 15:07
Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды
24.04.2026, 15:00
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты
24.04.2026, 14:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
24.04.2026, 14:52
Талдықорғанда «Кітап – уақыт машинасы» шарасы өткізілді
24.04.2026, 13:17
Қосшыда «Өнер – халық қазынасы» шығармашылық байқауы өтті
24.04.2026, 13:15
Қазақстанда Ресейдің мәдениет күндері басталды
24.04.2026, 13:13