Берденовтің ісі: Ернар Жиембай 9 жылға сотталды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембай 9 жылға сотталды. Ол енді жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейді.
Прокурор Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Үкім бойынша сотталушы жәбірленушіге 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 117 960 теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Естеріңізге салып өтейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында Берденовке қарсы оқ атылып, ол ауыр жарақат алған еді.
Әбинұр Қарабаев, судья:
Жиембай Ернар Жиембайұлы ҚК 24-бабы 3-бөлігі арқылы қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгісімен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16