Министр: Алдағы екі жылда жатақхана тапшылығы толық шешіледі
Қазір еліміз бойынша Алматыда ғана жатақхана тапшылығы байқалады. Үш жыл бұрын 80 мың студентке жатын орын жетіспесе, қазір бұл көрсеткіш 10 мыңға азайған. Бұл мәселе алдағы екі жылда толық шешімін табады, - деді Алматы тұрғындарымен кездесуінде ғылым және жоғары білім министрі. Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда 271 жатақхана ашылған. Жиында Саясат Нұрбек жоспарын баяндады. Сонымен қатар еліміздегі жоғары білім мен ғылымның жаңа басымдықтарын айтып өтті. Шара соңында министр азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Айта кетсек, қазір елімізде 680 мың студент білім алып жатыр.
Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:
Биылғы жылдың тапшылығын қалай жауып отырмыз? Біріншіден, алматылық университеттер хостел, жеке меншік қонақ үйлермен келісімшарттарының арқасында. Екі жылдың ішінде жабуға нақты жоспарымыз бар. Келесі жылы 4280 төсек орындық жатақхана тапсырылады. Бұл қаланың ортасында орналасады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05