Көрнекті сазгер Төлеген Мұхамеджановтың «Өмір өзені» атты жаңа альбомы таныстырылды
Астанада көрнекті сазгер, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджановтың «Өмір өзені» атты жаңа альбомы мен «Махамбет» симфониялық поэмасының партитурасы жұртшылыққа таныстырылды. Биыл өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өткен мәдениет қайраткері қос бірдей еңбегін әлемнің ең үздік мекемелерінде дайындап шығарған. «Өмір өзені» альбомы АҚШ-тың беделді дыбыс жазу студияларының бірі «Стерлинг саундта» өңделген. Автордың 14 бірдей туындысы жинақталған бұл альбомның сапасы талғампаз тыңдарманның көңілінен шығады. Ал, «Махамбет» партитурасы Мәскеудегі әйгілі «Юргенсон» баспасында басылды. Төлеген Мұхамеджанов өз еңбектерін Астана, Павлодар және Қарағанды қаласындағы музыка мектептеріне сыйға тартты. Сиясы кеппеген кітаптың бірінші данасын әйгілі дирижер Алан Бөрібаевқа ұсынды.
Төлеген Мұхамеджанов, композитор:
- Бұл таспаның дыбыс сапасы өте жоғары деңгейде. Бүгін мен ішіме сан алуан сезімдер мен оқиғаларды сыйдырған туындыларыммен бөлісіп отырмын десе болады. Музыка мен өлең арқылы мен әлемге деген көзқарасымды білдірдім. Бұл туындылар шабытқа толы ма, жоқ па мен оған төреші емеспін. Дегенмен, олардың әрқайсысында менің өмірімнің бір бөлшегін табуға болады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
