Еңбек адамы: Азамат Асқарбеков 20 жылдан астам мал шаруашылығымен айналысады
Кең даланың төсінде төрт түлігін өргізген. 20 жылдан артық мал бағып, маңдай терімен өрісін кеңейткен теріскейлік тұрғын Азамат Асқарбеков ата кәсіпті дамытып келеді.
Азамат Асқарбеков, малшы:
Малды түнгі 03:30-да, 04:00-де шығарамын. Күннің ыстығында сағат 10:00-11:00-ге дейін бағылады. Сосын осы жерге жатады. Сағат 17:00-18:00-ге дейін осы көлдің салқынымен рақаттанып жатады. Тамыз айы нағыз бөгелек шығатын кез. Бөгелек жылқының танауына кіреді де, жылқы орнында тұрмай, шабады. Ол ары кетсе 15-25 күн. Сосын қайтадан басылады. Кімнің жылқысы немесе қойы екенін түсінен, енінен, көзқарасынан да танимын. Ол менің қанымда бар. Мысалы, бір күн көңілді жүрсе, екінші күн басын иіп, төмен түсіріп, иіп жүрсе, мал ауырып жатыр дегенді білдіреді. Сол кезде иесіне хабарласып айтамыз.Таза ауаға, кең жерге үйреніп қалғанбыз. Енді көбі қалаға көшу керек, қалаға неге бармайсың, қалада жұмыс көп деп айтады. «Малдың соңынан жүре бересің бе?» деп айтады. Балаларым пәтерде тұрады. Сонда қонаққа барамын. Пәтердің ішінде тұншығып кетемін. Мұнда көл қандай, жер қандай, бәрі жап-жасыл.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04