Спорт ардагерлерінің алғашқы республикалық форумы өтеді
Қазақстанда алғаш рет спорт ардагерлер одағының республикалық форумы өтеді. Бұл іс-шараға заманында байрақты додаларда ел намысын абыроймен қорғап, әлемдік ареналарда көк туымызды желбіреткен жүзден аса спортшы жиналмақ. Ардагерлердің басын қосып, оларды жас буынға үлгі ету – форумның бас мақсаты. Асық ату, үстел теннисі, бильярд және шахматтан жарыстар ұйымдастырылады. Ал былтыр құрылған спорт ардагерлері одағы келешeкте 17 облыста филиалдарын ашып, жаңа мүшелерін қабылдамақ.
Елсияр Қанағатов, «Қазақстандық спорт ардагері одағы» РҚБ төрағасы:
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, республикалық деңгейдегі төреші қабылданады. Жасы 50-ден жоғары болу керек. Сәйкес келетін азаматтардың барлығын қабылдауға тырысамыз. Айсара Керімбекова сияқты әлеуметті шулатқан ардагерлеріміз еленбей қалған, солар болмас үшін, солардың тізімін жасап, ертең министрлікке, әкімдікке, соларға көмек көрсететін кәсіпкерлерге үндеу жасап, сондай шаралар. Алда көп жұмыс бар.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15