Бөгденің ЭЦҚ кілтін қолданғандар жазаға тартыла бастады
Қазақстанда өзгенің электрондық цифрлық қолтаңбасын қолданғандар жазалана бастады. Цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, 13 наурыздан бері басқа адамның цифрлық қолтаңбасын қолданған бір азаматқа қатысты іс қозғалды. Ал былтыр осы заңды бұзғаны үшін 10, биыл 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2016 жылдан бері елімізде электрондық жабық кілтті бөгде адамдарға бергені үшін айыппұл қарастырылған. Биыл наурыздан бастап өзгенің цифрлық қолтаңбасын пайдаланғаны үшін тағы жауапкершілік енгізілді. Заң бойынша иесі келісім берсе де, басқа адамға пайдалануға болмайды. Айыппұл мөлшері – жеке тұлғаларға 196 мың теңге, ал ірі бизнеске 786 мың теңгеге дейін.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05