Басты Жаңалықтар Алматыда еліміздегі театр өнерінің көкжиегін кеңейтуге арналған практикум аяқталды

Алматыда еліміздегі театр өнерінің көкжиегін кеңейтуге арналған практикум аяқталды

Астананың 20 жылдығына арналған шараға әр өңірден келген өнер майталмандары мен шетелдік мамандар да қатысты. Үш күн бойы қысқа қойылымдарды театр сыншылары мен талғампаз көрермен тамашалады. Өткеннің өнегесін бүгінгі өмірмен өрнектеген жас режиссерлер сахнаны безендірудегі жаңа технологияны игерудің үздік тәжірибелерімен бөлісті. Бұдан кейін, дарынымен дараланған сахна шеберлері және үздік қойылым ұсынған қабілетті режиссерлерге арнайы сертификаттар табыс етілді. 

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі:

- Бұл керек нәрсе, мұны жылда өткізіп тұру керек. Жалғыз Қазақстанда ғана емес, басқа республикаларда да өтіп тұратын нәрсе. Сондықтан, біз мұны жылда бір өткізуіміз керек. Жалпы, жас режиссерлер мен жас актерлерді басқа қалаға практикаға жіберіп тұруымыз керек. Бұл бұрын болған, бірақ тоқтап қалды.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу