Алматыда GITEX AI Kazakhstan форумы басталды
Бүгін Алматыда халықаралық GITEX AI Kazakhstan форумы өз жұмысын бастады. Екі күнге жалғасатын ауқымды жиын Орталық Азияда алғаш рет өтіп жатыр. Жасанды интеллектіні дамытуға арналған алқалы жиынның ортасында жүрген әріптесім Раушан Сайлауқызы, Алматыдан бізбен байланысқа шығып тұр. Раушан қайырлы күн! Форумның мақсаты не?
Раушан Сайлауқызы, тілші:
GITEX – әлемдегі ең ірі технологиялық көрмелер мен цифрлық инновациялардың тоғысқан алаңы. 60-тан астам елден 150-ге тарта сарапшы, 100-ден аса инвестор келген. Форум қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жасанды интеллектіні дамытуға арналған жиын өтіп жатыр. Әлемдік технологияның көшбасшылары осы алаңда тек тәжірибесімен ғана бөліспей, тың технологияларын таныстырады, озық тәсілдерді игерудің жолын көрсетеді. Мұндай жобалардың қала инфрақұрылымына, өнеркәсіптерді автоматтандыруда, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға, жалпы Мемлекет басшысының цифрлық экономиканы ілгерілету саясаты тұрғысынан маңызы зор.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12