Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президентін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президентін қабылдады

12.08.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда сарайында таеквондо тәсілін көрсетті. Бұл сәт Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоуды қабылдау кезінде болды. Президент жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырып, мейманның өтінішімен таеквондо дәстүріне сай тақтайды сындырды. Сонымен қатар ерекше құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа тоғызыншы дан қара белбеуі табыс етілді.

Мемлекет басшысы таеквондо олимпиадалық спорт түрі ғана емес, үйлесім, тәртіп және өзара құрмет қағидаттарына негізделген, миллиондаған адамды біріктіретін философия деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елордада G1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтинг турнирін өткізу отандық спортшылардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына кеңінен жол ашады. Чоу еліміздегі осы спорт түріне қызығушылық деңгейіне жоғары баға берді. Сонымен қатар қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы табысына тоқталды. Кездесу соңында Президент таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон Чоуды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу