Абай облысын сумен қамтуға қайтарылған активтер жұмсалуда
Қайтарылған активтерден 10 млрд теңгеден астам қаражат Абай облысын сумен қамтуға жұмсалуда. Үкіметтің дерегінше, өңірде барлығы 21 жоба қолға алынған, оның жетеуі – Семей қаласында. Сонымен қатар Бородулиха, Үржар және Абай аудандарына сумен жабдықтау желілері тартылады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, облыс орталығы тұрғындарының 95,5 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. Ал ауылдарда бұл көрсеткіш 95 пайызға жетіп отыр. Жаңадан қолға алынған жобалар халықты 100 пайыз ауызсумен қамтымақ. Барлық нысан жыл соңына дейін пайдануға беріледі деп жоспарланған.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16