Шахматтан «SENAT open-2025» ашық кубогы өтті
Талдықорғанда шахматтан «SENAT open-2025» екінші ашық кубогының жартылай финалы өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен және Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен ұйымдастырылған бұл сайысқа еліміздің 4 облысынан 100-ден астам адам қатысты. Олардың арасында мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, ардагерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Жалпы көшбасшылардың зияткерлік сайысы 9 турдан, швейцариялық жүйе бойынша 10+5 уақыт бақылауымен өтеді. Жартылай финалда үздік атанған 38 қатысушы Астанада болатын финалға жолдама алады.
Тоқтасын Қажыкенұлы, қатысушы:
Мен Өскемен қаласының тұрғынымын. Мұндай турнирлерге үнемі қатысып келемін, әрине, түрлі деңгейде жетістіктерім де бар. Бүгін, 86 жаста болсам да, осы турнирге келіп отырмын.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03