Астанада инвесторлар жасанды интелект саласындағы үздік стартаптармен танысты. Көпшілікке 3 ай уақыт ішінде Al preneurs бағдарламасы аясында дайындалған жобалар ұсынылды. Аталған жобаға қатысуға әуел баста 360 адам өтініш білдірген. Бірақ олардың тек 50-і іріктеліп, 12 командаға топтасқан. Осылайша аз уақыттың ішінде қатысушылар біраз салаға арнап тың дүниелерді шығарған.
Саятжан Мәди, «Omir-AI» стартап жобасының негізін қалаушы:
Жасанды интелектіні қолдана отырып жасаған біздің стартап жобамыз медициналық сараптамаларды есептеп, қорытынды шығарады. Оның негізінде тиісті дәрігерге бару жөнінде нұсқау береді. Бір сөзбен айтқанда, жүйе терапевт маманын алмастырады. Ұзын-сонар кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бір медициналық сараптаманы есептеуге шамамен 2 минут уақыт кетеді.
Әр командаға жобасын таныстыруға 3 минут уақыт берілді. Одан кейін, инвесторлар сұрақ-жауапқа да мүмкіншілік алды. Жалпы, Astana Hub алаңындағы бұл бағдарлама биыл екінші рет өтіп отыр. Былтыр пилоттық жоба аясында ақтық кезеңде 9 жоба таныстырылды. Денін дамыту үшін 5 млн теңге қаржылай қолдау көрсетілген.
Әшімбек Әбілғазинов, Astana Hub бизнес бағдарламалар кеңсесінің бас менеджері:
Басқа бағдарламадан ерекшелігі көбінесе дайын идеямен келсе, бұл жерде бірігіп, бір ортақ идеяны жүзеге асырады. Үздік стартаптарға инвисинг-грант сияқты инвестиция бөлінеді. Яғни, қосымша ақша бөлінеді жобаны ары қарай дамыту үшін.
Алдияр Айтбай
