Шардарадағы су деңгейі қалыпты мөлшерден төмендеп кетті
Түркістан облысында Шардара қоймасындағы су деңгейі бұрын соңды болмаған межеге дейін төмендеп кетті. Салдарынан сорғылар істен шықты. Тұрғындарды қажетті мөлшерде тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақатында жаңа ұңғыма қазылып жатыр. Бүгінгі күні қоймадағы су көлемі 400 млн текше метрге ғана жуықтайды. Ал тамыз айындағы орташа көрсеткіш 3 млрд текше метр. Жергілікті билік су тапшылығын жою үшін қосымша тетіктерді іске қоспақ. Тұтынушыларға жақын маңдағы елді мекендерден су тасымалы ұйымдастырылды.
Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:
Көлден су тартатын сорғы станциясына дейін құбыр жатыр. Бірақ ол жерден су мүлдем тартылмай жатыр. Кеше қалада мүлдем су болған жоқ. Осы құбырды сорғы станциясына дейін тарттық. 85 көпқабатты үйлеріміз бар, ауруханамыз бар соларға толық жеткіздік. Тағы бір қозғалтқыш қойып, тартып, халық толық қамтамасыз етілетін болады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16