Ата кәсіпті нәсіп еткен
Кең даланың төсінде төрт түлігін өргізген. 20 жылдан артық мал бағып, маңдай терімен өрісін кеңейткен теріскейлік тұрғын Азамат Асқарбеков ата кәсіпті дамытып келеді.
Азамат Асқарбеков, малшы:
Түнгі 03:30-да, 04:00-де шығамын. Сағат 10:00-11:00-ге дейін бағылады. Сосын келіп осы жерге жатады. Сағат 05:00-06:00-ға дейін осы көлдің салқынымен рақаттанып жатады. Тамыз айы нағыз бөгелек шығатын кез. Бөгелек жылқының танауына кіреді де, кәдімгідей жыбырлатып, жылқы сосын орнында тұрмай, не былай шабады, не былай шабады. Ол әрі кетсе 15-25 күн. Сосын қайтадан басылады.
Азамат Асқарбеков, малшы:
Түсінен де, енінен де, көзқарасынан да танимын. Кімнің жылқысы, кімнің қойы деп. Ол менің қанымда бар. Мысалы, бір күн көңілді жүрсе, екінші күн басын иіп, төмен түсіріп жүруі мүмкін, демек мал ауырып жатыр. Сол кезде иесіне хабарласып айтамыз.
Азамат Асқарбеков, малшы:
Біз таза ауаға, осындай жерге үйреніп қалған адамбыз. Енді көбі қалаға көшу керек, қалаға неге бармайсың, онда жұмыс көп деп айтады. Малдың соңынан жүре бересің бе дейді. Балаларым пәтерде тұрады. Сонда қонаққа барамын. Анау пәтердің ішінде тұншығып кетемін. Қандай көл, қандай жер, жасыл бәрі.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16