ШҚО жастары экологиялық мәселелермен танысты
Шығыс Қазақстан облысының жастары экологиялық мәселелермен танысып, алдағы жұмыстарды пысықтады. Серебрянск қаласында бас қосқан қыз-жігіттер «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» тақырыбында дөңгелек үстел басына жиналды. Сала мамандарымен экологиялық проблемаларды талқылады. Одан бөлек экожүйелер мен биосфераның жұмыс істеуі, табиғи ресурстарды сақтау жөнінде сөз қозғалды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен шараның мақсаты – жас буынның қоршаған ортаны қорғау бағытындағы білімін арттыру. Бұдан кейін тараптар бірлесіп ауа мен судың ластануын азайту, жасыл желектерді көбейту бағытында жұмыс істемек.
Алдияр Айтбай
Автор
Алдияр Айтбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде «Жас мерген» облыстық турнирі өтті
19.10.2026, 17:27
Қазақы тазылардың аңшылық қасиеттері сыналды
19.10.2026, 17:25
Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам туындыны таныстырды
19.10.2026, 17:24
Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды
19.10.2026, 17:22
7 жыл ішінде отбасын қолдайтын 160 орталық ашылған
19.10.2026, 17:20
Ресей Болон процесінен бас тартты
19.10.2026, 17:17
Рубио Орталық Азия елдерің сыртқы істер министрлерімен кездесті
19.10.2026, 17:16
Трамп санкцияны жеңілдеткеннен кейін мұнай 2% арзандады
19.10.2026, 17:15