Алматыда «Аман келешек» балалар фестивалі өтті
Тұңғыш Президент қоры мұрындық болған мәдени-спорттық шара биыл мегаполисте емес, Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Арман дала» кешенінде ұйымдастырылды. Оған елдің әр қиырынан жиналған мектеп-интернат пен балалар үйі және орта білім беретін оқу ошақтарынан 2000-ға жуық оқушы қатысты. Фестиваль шеберлер шеруінен басталды.
«Аман келешектің» әнұраны орындалып, флэшмоб болды. Тамашалауға келген жасөспірімдер түрлі ойындарға белсене араласты.
Айым Асхатқызы, оқушы:
- Керемет іс-шара өтіп жатыр. Бәріне алғысым шексіз. Суреттерді қалай салу керек, оның техникасын көрсетті. Бұл өте тамаша.
Алмат ӘБДІРАМАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы