«Абылайханның қара жолы» экспедициясы жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абылайханның қара жолы» экспедициясы жолға шықты

18.09.2018

«Абылайханның қара жолы» жобасы басталды. Ақмолалық бір топ ғалымдар мен белсенділер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Абылайханның қара жолымен экспедицияға аттанды. Оның аясында Көкшетаудан Түркістанға дейін жолды жүріп өту жоспарланған. Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның Бурабайда ордасы болғаны белгілі. Сондықтан, экспедиция «Қазақстандық Швейцариясынан» жолға шықты. Тарихшылардың айтуынша, Абылай ханның қара жолы солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол болған. Хан оны саяси және экономикалық мүддеде пайдаланған. Экспедиция мүшелері 3,5 мың шақырымды құрайтын жолды 10 күнде жүріп өтпек. Мақсаты мол мәдени-тарихи мұраны зерттеп, оны көпшілікке насихаттау.

Мұрат Ыдырысов, жоба жетекшісі:

- Абылайханның қара жолына түстік. Сол жолмен бірнеше күн жүріп, Астананы басып, Түркістанға бармақпыз. Бурабай Абылай ханға орда болған. Абылай ханға пана болған. Осы жерден жорықтарды, кеңестерді шешкен. 

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу